Жазғы демалыста немен айналысқан жөн? » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы демалыста немен айналысқан жөн?
27
май
2020

Жазғы демалыста немен айналысқан жөн?

Жаз – ересектердің де, балалалардың да демалысқа шығып, тынығып, жан мен тәнді сауықтыратын ғажайып жыл мезгілі. Үш ай жазда бәріне үлгергің келеді, алайда, жоспардың көптігінен мүлде ештеңеге үлгере алмай қалуыңыз мүмкін. Сол себепті, біз жастарға қажетті 10 кеңесті іріктедік.
1. ЖАҢА НӘРСЕ ҮЙРЕНІҢІЗ.
Үш ай жазда курс оқып, жаңа пайдалы дүние үйренуге әбден болады. Мүмкіндікті мүлт жібермеңіз. Мереке немесе қыс кезінде жеткізе алмай жүрген уақыттың есесін жаз мезгілі жақсылап тұрып қайтаратын уақыт.
2. ІШКІ ТУРИЗМГЕ ЗЕР САЛЫҢЫЗ.
Егер эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берсе, туристің көзімен өзіңіз өмір сүріп жатқан елді мекенге қараңыз. Мұражайға, галереяға барып, көрікті жерлермен танысыңыз.
3. ӘР КҮННІҢ БЕЛГІЛІ БІР БӨЛІГІН СПОРТҚА АРНАҢЫЗ.
Таза ауада серуендеңіз, суда жүзіңіз, жүгіріңіз – міндетті түрде дене еңбегімен айналысыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыздың нығаюына таптырмас көмекші.
4. МҮМКІНДІГІНШЕ ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОҚУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ.
Жаңа білімге ашық болыңыз. Білім беру жүйесі жаңа бағыттар мен тенденцияларға ілесе алмай, ескіріп қалып жатады. Дәл осы жастық шақта танымдық әдебиеттерді оқуға уақыт жеткілікті, ал адам миы жаңа ақпаратты оңай қабылдап, есте сақтайды.
5. ЖАЯУ ЖҮРІҢІЗ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА КӨҢІЛ БӨЛІҢІЗ
Егер вирусқа қатысты жағдай тұрақталса, онда жылдың осынау әсем шағында күн сайын таза ауада серуендеп, жақын адамдармен жиі әрі ұзақ уақыт сөйлесуге тырысыңыз.
6. ЖАҢА ДАҒДЫНЫ МЕҢГЕРІҢІЗ.
Мысалы, жүзуді, пісіруді және т.б. үйреніңіз.
7. ТАМАҚТАНУ РАЦИОНЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ.
Жаз – ағзаны дәрумендермен байытуға, артық тағамнан арылтуға, осылайша күнделікті керемет мәзір құруға таптырмас уақыт.
8. ЖАРҚЫН СӘТТЕРДІ СУРЕТКЕ ТҮСІРІҢІЗ
Суретке, бейнеге түсіріңіз, монтаждаңыз -  жылдың ең жарқын мезгілінің қызықты және керемет минуттарын құр жібермеңіз.
9. ӨЗІҢІЗБЕН ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗ.
Жеке қасиеттеріңізді жақсартуға тырысыңыз. Мысалы, өз ойыңызды нақты айтуға, шыдамды болуға және ақпаратты есте жақсы сақтауға үйреніңіз. Бір сөзбен айтқанда, шыңдауды қажет деп санайтын нәрсені жетілдіріңіз.
10. КҮНІҢІЗДІ ЖОСПАРЛАУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ.
Діттеген мақсатқа жетіп, бәріне үлгеру үшін алдағы күнді анда-санда емес, тұрақты түрде жоспарлау қажет. Сол кезде сіз барлығын дер кезінде орындайсыз. 
Жаз мезгілі қызықты әрі пайдалы өтсін!