31
май
2020
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Талайды сарсаңға салған қасіретті бұл күн 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді. ХХ ғасыр қазақ ұлтына оңайға соққан жоқ. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық миллиондаған қазақтың өмірін жалмады. 1937-1938 жылдың репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын қынадай қырып салды. 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Қылышынан қан тамған Қызыл империя кезінде елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам адам азап шекті.
Тоталитаризмнің қанды шеңгелі қазақ зиялыларының да әйелдерін айналып өтпеді. 1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеген АЛЖИР лагерінде 20 мыңға жуық әйел қамалып, 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды. Солардың арасында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Тұрар Рысқұловтың т.б. әйелдері де бар еді. Жұбайларымен бірге, күйеулері де сталиндік саясаттың құрбанына айналып, нақақтан нақақ оққа ұшты...
Тарихшылардың айтуынша, адамзат тарихында мұндай қиянат болмаған. Зұлмат жылдары қандастарымыздың 60 пайызы қырылып кеткен. 1872 жылғы есеп бойынша қазақ даласында 5 миллионнан астам халық саны зобалаң салдарынан екі есе азайған. 1939 жылғы санақта қазақтың саны небәрі 2 миллион 300 мыңға жеткен. Әрбір азаматтың жүрегіне жара салған нәубеттің қасіретін ұзын-ырғасы үш миллионға жуық адам тартты.
Демек, бұл жай ғана дата емес, бұл жас ұрпақ жадында сақтап, бүкіл ел бабалар рухына тағзым ететін күн! Тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарды ешкім ұмытпауы тиіс.