ҰБТ: көкейдегі сұрақ » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ: көкейдегі сұрақ
30
май
2020

ҰБТ: көкейдегі сұрақ

Осы жазбада мектеп пен колледж түлектерін екі айдай мазалап жүрген 2 сұрағына жауап беретін боламыз:
❓1. ҰБТ (маусым) рұқсатнамалары қашан дайын болады? 
❓2. Наурыз айындағы ҰБТ қашан өткізіледі? 
✅Біріншісі. Үйреншікті жыл сайынғы орындарға отырғызу және тестіленушілерді аудиторияларға реттеу осы жылы кешіктірілуінің себебі пандемия болып отыр. Бұл жүйе нақты қалай тежеліп отыр? Түсіндіреміз:
✔️құзыретті органдармен барлық қауіпсіздік шаралары келісілуде;
✔️5 кезеңді залалсыздандыру жұмыстары ұйымдастырылуда (тіпті қолдардың, аяқ киімдердің, киім-кешектің залалсыздануы мен бетперделердің берілуіне дейін);
✔️ешбір жанасусыз дәліздерден аудиторияларға өту бойынша жұмыстар жүргізілуде;
✔️тестіленушілердің арасындағы 2-метрлік ара-қашықтық ескерілуде;
✔️балаларды тестілеуге апару жолдары жоспарлануда және т.б.
🤦🏻‍♂️Тіпті ҰТО ұжымы күні-түні және демалыссыз жұмыс істегеннің  өзінде әлемдік пандемия өз дегенін істетуде. 
ℹ Дегенмен, 3 маусымда Сіздердің рұқсатнамаларыңыз дайын болады!👍
Біз өзіміз оны асыға күтіп отырмыз және осы бағыттағы жұмысымызды күшейтудеміз.
✅Екіншісі. Наурыз айының ҰБТ а.ж. 1️⃣5️⃣ маусымына дейін өткізу жоспарланған. Мұның да себептері 👆жоғарыда жазылған... Аз уақыттан соң сол туралы да парақшаларымызда жариялайтын боламыз. 
🙏Сәл шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз...
✊Барлық қиындықтар мен кедергілерді бірге еңсереміз!