УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС
13
январь
2023

УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ

№8 ГИМНАЗИЯСЫ» КММ


УАҚЫТША БОС  ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының

білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ


Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 138 үй

Анықтама, байланыс номері: 45-58-01.

Электрондық пошта: tolebi8taraz@mail.кz


2. Негізгі функционалдық міндеттері:

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды. 

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. 


1.Көркем еңбек пәні мұғалімі лауазымы (уақытша бос орын 1 бірлік  жүктеме, 16 сағат), еңбек ақысы 200000-240000 тг. (еңбек өтілі, санатына байланысты)

2. Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. 

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың   16- 24 қаңтар аралығында. 

Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының  құжаттарды  қарау   мерзімдері:  2023 жылдың  25-31 қаңтар аралығында. 

 Конкурс өткізу күні: 01 ақпан 2023 жыл

4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.


5. Конкурстық құжаттар:  Тараз қаласы, Абай даңғылы  №138 мекен-жайында орналасқан Төле би атындағы №8 гимназиясының қабылдау бөлімінде қабылданады.